Microwave activation of isovaleric acid monoglyceride synthesis and its antimicrobial activity

N.O Appazov, , A.A. Moldanazar, M.G. Bekkhozhaev, Zh.T. Turymbetova, Zh.M. Omirzak, , , ,

Bulletin of the Korkyt Ata Kyzylorda University(2022)

引用 0|浏览0
暂无评分
摘要
Мақалада изовалериан қышқылы моноглицеридінің микротолқынды сәулелену жағдайында изопропилиден әдісімен микротолқынды синтезі туралы айтылады. Изовалериан қышқылының α–моноглицериді элюент ретінде хлороформ:метанолды (9:1) қолдана отырып, КСК силикагелінде (0,1-0,16 мм) бағаналы адсорбциялық хроматографиямен бөлініп алынды. Мақсатты өнімнің шығымы 94% құрады. Алынған қосылыс ПМР-, ЯМР13С, ИҚ-спектрометрия және элементтік талдау әдісімен сипатталды.Изовалериан қышқылының моноглицериді ЯМР13С спектрінде карбонил тобының көміртегі атомы С=О 173,92 м.д. төмен қарқындылық шыңы ретінде резонанс тудырады, бұл төртіншілік карбонил көміртегі атомдарының химиялық ығысуына сәйкес келеді. Синтезделген изовалериан қышқылы моноглицеридініңИҚ-спектрінде күрделі эфирлердің типтік сіңіру жолақтарымен сипатталады: 1735 см-1карбонил жолағы және 1188 см-1 "эфир жолағы" (эфирлік байланыс тобының С-О-С валенттік тербелістері).Біріншілік және екіншілік спирттің гидроксилдеріне тән 1051 және 1121 см-1жұтылу жолақтары және 3403-3466 см-1аумағында ассоциацияланған гидроксил топтарының кең жұтылу жолағы бар.Алынған өнім Staphylococcus aureus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa және Candida albicans-қа қарсы антибактериалды белсенділікке зерттелген. Микроағзалар 37°C температурада 18-24 сағат бойы өсірілді. Өсірілген микроағзалар натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде ерітілді, бактериялар етпептонды ағарыбар ыдыстарға 1 мл-ден енгізілді және "қатты көгалды"алу әдісімен себілді.Диаметрі 6 мм ұңғымалар құрылды, онда препарат пен бақылау ретінде 96% этил спирті енгізілді. Изовалериан қышқылы моноглицеридінің Pseudomonas aeruginosa-ға жағары бактерияға қарсы белсенділігі және Candida albicans-қа қарсы орташа зең саңырауқұлағына қарсы белсенділігі бар екені анықталды.
更多
查看译文
关键词
isovaleric acid monoglyceride synthesis,microwave activation,antimicrobial activity
AI 理解论文
溯源树
样例
生成溯源树,研究论文发展脉络
Chat Paper
正在生成论文摘要